RU
Қарағандыда мұғалім оқушының басын партаға ұрды деп айыпталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда мұғалім оқушының басын партаға ұрды деп айыпталды

Рассказать Вконтакте

Қарғандыда 22 жылдық еңбек өтілі бар орыс тілі пәнінің мұғаліміне оқушыға қол көтерді деген айып тағылды. Алайда айыптаулар өз дәлелін таппаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Мектеп. Көрнекі фото: politeka.net

Мектеп. Көрнекі фото: politeka.net

Бесінші сынып оқушыларының бірі ұстаздың оған қол көтергенін айтып, анасына шағымданады. Ұл баланың сөзіне сенсек, ұстазы оның басын партаға ұрып, ата-анасына айтатын болса, өлтіретінін айтып қорқытқан.

Оқушының анасы бірден мектеп басшылығына шағымданып, тексеріс жүргізеді. Алайда оқушының сөздеріне дәлел табылмаған.

Мектеп әкімшілігі қол көтерудің болғанын жоққа шығарып, ұстаздың біліктілігін алға тартты.

"Ол - балалардың білімі мен тәрбиесіне өмірін арнаған белді ұстаз. Оған жала жабылды", - дейді мектеп мұғалімдері.

Оқушының анасы бұл жайттан кейін полицияға шағым түсіруден бас тартқан.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір