RU
24 жасында тоқал атанған қазақ қызы бұл әрекетінен ұялмайтынын алға тартты
Жаңалықтар Қоғам

24 жасында тоқал атанған қазақ қызы бұл әрекетінен ұялмайтынын алға тартты

Рассказать Вконтакте

7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында Жеңісгүл Ермұқамет «тоқал болуды ұят санамаймын» деп өз оқиғасымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тоқал. Көрнекі фото: Pandaland.kz

Тоқал. Көрнекі фото: Pandaland.kz

Алтай өңірінің қазағы сол елде жүріп 24 жасында 49 жастағы отбасылы ер адамға тоқал болған. Жеңісгүл Ермұқамет осы күнге дейін 16 құрсақ көтерген.

Екі баладан артық тууға тиым салынған елдің заңынан қорыққан ана сегіз балаға жасанды түсік жасатқан. Ал екі баласын елден тығылып жүріп босанды. Балалардың өз елінде өсуін армандаған ана мен әке отбасымен Қазақстанға көшуді жоспарлайды.

Жеңісгүл Ермұқамет 2004 жылы екі баласымен Алтай өңірінен Шығыс Қазақстанға қоныс аударады. Осы елге келгеннен бері Жеңісгүл тағы 6 баланы дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанып отыр.

Араға 10 жыл салып 2014 жылы шығыстан Астанаға көшіп, қазір жары және балаларымен Астанада тұрып жатыр.

Жеңісгүлдің айтуынша, бәйбішемен де, бәйбішеден туған балалармен де ара-қатынасы өте жақсы. Отбасыда балалар бір-біріне бөтен емес, туған бауыр ретінде қарайды. Қазір көпбалалы әке және екі жары бар азамат 70-ке таяп қалған.

Ең кішкентай балалары бес жаста болса, үлкендері 44 жаста. Жақын арада Қытайда қалған бәйбіше Астанаға қоныс аударып, келін-балаларымен бірге тұруды жоспарлап жүр.

Бағдарлама барысында Жеңісгүл өз жарына үш әйел алып беруге ниетті екенін де айтып ой бөлісті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
5
6
2
1
3
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір