RU
Шенеунік "Нұрлы жерге" бөлінген 53 млн теңгені қолды қылды
Жаңалықтар Қоғам

Шенеунік "Нұрлы жерге" бөлінген 53 млн теңгені қолды қылды

Рассказать Вконтакте

Қарқаралы аудандық әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы "Нұрлы жер" бағдарламасына бөлінген 53 млн теңгені қолды қылғаны үшін сот алдына келді. Ол өз кінәсін толық мойындауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Қылмыскер. Фото: ru.publika.md

Қылмыскер. Фото: ru.publika.md

Факті бойынша бастапқыда сот алдына әкімдіктің үш қызметкері келген. Кейін бөлім басшысы өз кінәсін мойындағасын, оның ісі жеке қаралды.

Белгілі болғандай, әйел әріптестерімен және азаматтық некедегі жарымен бірішіп, "ПАРСЕК" ЖШС-мен қылмыстық келісімшартқа отырған. Олар серіктестікке қомақты қаржы аударады.

Сыбайластар қылмыстық жолмен қолды қылған қаражатты өзара бөлісіп алады. Нәтижесінде 53 миллион теңгені қолды қылған әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның бір жасар ұлы бары ескеріліп, жаза бес жылға шегерілген. Ол сонымен қатар жарты жыл ішінде мемлекетке 19 млн теңге қайтаруы тиіс.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір