RU
Астанада батуттың астында қалған екі балақайға ота жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада батуттың астында қалған екі балақайға ота жасалды

Рассказать Вконтакте

Астанада аударылған батуттың астында қалып, жансақтау бөліміне түскен екі балақайға ота жасалды. Бұл туралы №2 қалалық балалар емханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Батут. Коллаж: NUR.KZ. Фото: Facebook - Мурат Астана / "Астана - Что? Где? Когда?" / styler.rbc.ua

Батут. Коллаж: NUR.KZ. Фото: Facebook - Мурат Астана / "Астана - Что? Где? Когда?" / styler.rbc.ua

Дәрігер бастапқыда батуттан зардап шеккен балалардың бірі комаға түсті деген ақпаратты жоққа шығарады. Кейін бұл ақпарат дәрігерлік құпияға жататынын алға тартқан.

Ол аталмыш балақайдың әлі жансақтау бөлімінде жатқанын, алайда есін жинағанын айтуда.

Досмаилов екі балаға ота жасалып қойғанын, тағы біріне таяуда ота жасалатынын мәлімдеді. Зардап шеккен бес бала да әзірге емханада.

Еске салсақ, Астанада 4 мамыр күні қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шеккен болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір