RU
Петропавл кафелерінің бірінде болған төбелес қайғылы оқиғамен аяқталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Петропавл кафелерінің бірінде болған төбелес қайғылы оқиғамен аяқталды

Рассказать Вконтакте

9 мамыр күні Петропавл кафелерінің бірінде орын алған төбелестен 22 жастағы азамат қаза тапты деп хабарлайды pkzsk.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Казахстан

Фото: Sputnik Казахстан

Төбелестен соң жас жігіттің жағдайы нашарлап, куәгерлер көмектескенімен нәтиже болмаған. Жедел жәрдем де азаматқа көмек көрсете алмаған. Оқыс оқиғадан соң полиция кафе маңын қоршауға алыпты.

Солтүстік Қазақстанның ішкі істер департаменті: "Сәрсенбі күні “Азия” кафесінің жанында 1996 жылы дүниеге келген Жамбыл ауданының тұрғыны қайтыс болды. Қазіргі таңда мәйітті сот-медицина сараптамасына жібердік. Жас жігіттің қандай жағдайда мерт болғаны нақтылануда», – деп түсіндірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
4
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір