RU
Ақтөбеде танымал тележүргізуші көз жұмған лифтіден қандай ақау кеткені белгілі болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде танымал тележүргізуші көз жұмған лифтіден қандай ақау кеткені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Ақтөбеде танымал тележүргізуші Айзат Әбдісамат лифт ішінде қаза тапқан болатын. Мамандар қазір лифтіден қандай ақау кеткенін анықтады деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айзат Әбдісамат. Фото әлеуметтік желіден алынды

Айзат Әбдісамат. Фото әлеуметтік желіден алынды
Source: UGC

Ақтөбеде лифт ішінде қаза тапқан тележүргізушінің өліміне қатысты тексеру жүргізген сарапшылар техникалық бақылаудың нәтижесін жариялады.

28 жастағы Айзат Әбдісамат кірмек болған лифтінің автоматтандырылған қондырғысы істемей қалғаны белгілі болды. Соның кесірінен шахтаның есігі жабылмастан, лифт орнынан қозғалып кетіпті. Жеделсаты мен шахта қабырғасының арасына кептетіліп қалған келіншек сол жерде мерт болған.

Сондай-ақ қайғылы оқиға орын алған лифтіге жауапты мекеме де, маман да жоқ екен. Қазіргі таңда осындай 150 жеделсаты өз жұмысын тоқтатып, оның 22-сі қолдануға мүлде жарамайтын болып шықты.

"Жүруге жарамсыз және оның ішінде қолдану мерзімі аяқталған. Әрі қарай ол лифтіні қолдануға болмайды. 149 лифті тоқтап тұр", - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Хайдар Ермашов.

Айта кетейік, қайғылы оқиғаға қатысты тергеу толық аяқталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
11
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel