RU
Британияда бала босандырушы дәрігер нәрестенің басын байқаусызда жұлып алды
Жаңалықтар Қоғам

Британияда бала босандырушы дәрігер нәрестенің басын байқаусызда жұлып алды

Рассказать Вконтакте

Британияның Найнуэллс ауруханасына бала босануға уақытынан бұрын келген 30 жастағы ана нәрестесінен айырылып қалды. Оны қабылдап алған 41жастағы дәрігер кесарь тілігін жасап босандырудың орнына қарапайым әдіспен баланы шығарып алмақ болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Корреспондент.net

Фото: Корреспондент.net

Вайшнави Лаксман баланың теріс орналасқанын біле тұра, жүкті әйелге ауырсынуға арналған дәрі де екпеген. Дәрігер келіншекке күшену керектігін айтып, өзі баланың аяғынан бастап шығарған. Алайда баланың басы, анасының жатырында қалып қойыпты.

25 апталығында босану керек болған ана баласынан айырған дәрігердің ісін ешқашан кешірмейтінін айтты. Ол 30 жастағы әйелдің бірінші жүктілігі болған.

Айта кетейік, тергеу амалдары әлі күнге жалғасып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
7
6
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel