RU
Оқудан шығып қалған студент өз үйінде асылып өлді
Жаңалықтар Әлемде

Оқудан шығып қалған студент өз үйінде асылып өлді

Рассказать Вконтакте

Ташкент мемлекеттік заң университетінің студенті емтиханнан құлап, оқудан шығып қалғанын ата-анасынан бір жыл бойы жасырып келген. Алайда туыстары бұл жайында білген бойда өз-өзіне қол салған деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24 Канал

Фото: 24 Канал

Жасөспірім Ташкент қаласы Мирабад ауданындағы өз үйінде асылып өлді. Бұл туралы оның бұрынғы курстастарының бірі хабарлаған.

"Ағылшын тілінен емтихан тапсыра алмады. Ақыры оны оқудан шығарды. Біздің университетте қорытынды емтихан ақылы өткізіледі. Көп ақша керек. Марқұм студент ақша таба алмады. Шетел тілі курсына бара алмады. Екінші курс студенттері IELTS тапсырып, 6,5 ұпай жинауы тиіс", - деді марқМарқұмның тұмның досы.

Алайда ректордың орынбасары өзіне қол салған бұрынғы студенті туралы естімегенін айтты. Бұған қоса, ол аталған жоғарғы оқу орнында емтихан ақылы деген студент сөздерін жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel