RU
Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын кімдер?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын кімдер?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлер белгілі болды. Тізімде көшті Астана да, Алматы да емес, Маңғыстау облысы бастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Жалақы. Фото: Антикор

Жалақы. Фото: Антикор

Мұндағы халықтың орташа айлығы 282 мың теңгеге тең. Қазақстанда бекітілген орташа жалақы көлемінен 1,5 есеге көп.

Ал Атырау облысы екінші орынға жайғасқан. Бір жылда жалақы 9,2 пайызға өсіп, 279 мың теңгеге жетті. Астана үштікті тұйықтады. Елордадағы ағайын 223 мың теңгені қанағат тұтады екен.

Алматы қаласындағы жалақы 187 мың теңге көлемінде. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын қорытқан сарапшылар, елдегі орташа жалақы көлемі былтырмен салыстырғанда 8,7 пайызға көбейді деуде.

Нәтижесінде қазақстандықтардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құраған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
5
1
3
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel