RU
Жамбылда өзіне қол салған ревизордың соңғы хаты жұртты жылатты
Жаңалықтар Қоғам

Жамбылда өзіне қол салған ревизордың соңғы хаты жұртты жылатты

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында Шу-Отар тасымалдау бөлімінің қауіпсіздік жөніндегі ревизоры өз үйінде асылып қалған. Марқұмның туыстары оның мұндай қадамға баруына полицейлерді кінәлауда деп хабарлайды КТК арнасы.

Хат. КТК арнасынан скриншот

Хат. КТК арнасынан скриншот

Жайдар Дайрабаевтың қорада жіпке асылған денесін туған бауыры алып шыққан. 34 жастағы азамат өлім алдында хат жазып қалдырыпты.

Марқұм хатында әйелі, балалары және туған-туыстарынан кешірім сұраған.

"Бану, кешір мені. Мен шаршадым бұл өтірік өмірден. Мен кеткен соң қыз бен баланы өсіріп, жоқтатпашы мені. Бауырларымнан айырмашы оларды, мен сені сүйемін өмірбақи. Ал, қош бол, жаным, Бану", - деп жазған ер адам хатында.

Дайрабаевтың әйелі Гүлбану Арпабекованың айтуынша, бұл қайғылы жағдайға ақпан айында теміржолда болған апаттың тікелей қатысы бар. Сол сәтте аударылған жүк пойызының онға жуық вагон доңғалақтары жоғалған.

Қыруар қаржы тұратын темір-терсектің ұрлануына қатысты қылмыстық іс қозғалады. Арада екі ай өткенде Астанадан жедел уәкілдер келіп, Жайдарды төрт сағат бойы ауыл шетіне шығарып, сұраққа алған.

Хат. КТК арнасынан скриншот

Хат. КТК арнасынан скриншот

Гүлбанудың сөзінше, олар күйеуіне қылмысты мойныңа ал немесе 4 млн теңге тауып бер деген. Ал 34 жастағы азамат полицейлерден құтылудың басқа жолын таңдапты. Бірақ ол өзіне қол салмас бұрын әйеліне басынан өткен жайтты айтып берген.

"Полицейлердің өздері құртып, енді кінәлі адам таппай маған жауып жатыр. Қорқытып, ақшасын айтқан. Прокуратура бізге рұқсат берсе, бір-екі күнде шақырып аламыз, қаматамыз деген", - дейді Дайрабаевтың әйелі.

Ер адамның артында екі баласы мен жары қалды. Ал Астанадан арнайы келген жедел уәкілдердің толық аты-жөндері мен нақты қай жерде қызмет ететіні де белгісіз.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
3
40
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel