RU
Адам қаққан "бензин королінің" ұлы көпшіліктің ашуын келтірді
Жаңалықтар Қоғам

Адам қаққан "бензин королінің" ұлы көпшіліктің ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда ірі кәсіпкер, жанар-жағармай станцияларының қожайыны Владимир Свидерскийдің 29 жастағы кіші ұлы Вячеслав өзі де, нөмірі де қымбат көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Адам қаққан "бензин королінің" ұлы көпшіліктің ашуын келтірді. КТК арнасынан скриншот

Адам қаққан "бензин королінің" ұлы көпшіліктің ашуын келтірді. КТК арнасынан скриншот

25 миллион теңгелік "Мерседес" мінген азаматтың жергілікті белгілі бизнесменнің ұлы екенін білген оқиға куәгерлері болған жағдайды ұялы телефондарына түсіріп алыпты.

Ал зардап шеккен 35 жастағы Александр Антоновты жедел жәрдем емханаға алып кетіпті. Басынан жарақат алып, миы шайқалған ол облыстық емхананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда.

Көкшетаулықтар кәсіпкердің ұлы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Себебі Свидерскийдің үлкен ұлы Владимир де қалада талай дауға қатысы бола тұрып, барлық жағдайда кінәсіз болып шығатын дейді тұрғындар.

Дегенмен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
3
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel