RU
Жезөкшелерді қамшымен сабамақ болған "Меломен" тобы Байзақовадан кешірім сұрады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жезөкшелерді қамшымен сабамақ болған "Меломен" тобы Байзақовадан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперге жылқыны сыйға тартып, Алматыны арсыздардан тазала деген "Меломен" тобы кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Меломен. Фото: Instagram

Меломен. Фото: Instagram

Бұл жайында топ жігіттері өздерінің Instagram парақшаларына салып қойды.

"Біз "Меломен" тобы: "Ninety one" мен Байзақованың іс әрекеттері үшін: Ұрпағы үшін жанын қиған, елді - жерді бізге аманат етіп тапсырған батыр бабаларымыздан кешірім сұраймыз. Біздер дұрыс тәрбие ұсына алмаған соң, қауіпті тәрбиелермен сусындап өсіп келе жатқан бүлдіршіндерден кешірім сұраймыз. Бауыр еті баласына қандай күйде болса да кір жуытпайтын "Найти уанның", Байзақованың ата-анасынан кешірім сұраймыз. Ал азғындыққа шақырушылардың өздерінен ешқашан кешірім сұрамаймыз. Тіпті бізге бүкіл әлем қарсы тұрса да.

Айналайын, ата-аналар! Есіктеріңізге ең жақын мешіттерге барыңыздаршы! Сөйтіңіздер де имамнан сұраңыздаршы, балаларыңыздың не істеп жүргенін. Егер де "Сол іс әрекеттері дұрыс, “Меломендіктердің” әрекеттері бұрыс" десе біз де райымыздан қайтып сіздердің ұл-қыздарыңыздың қолдаушылары болайық", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын атышулы Байзақова өзін қамшыламақ болған "Меломен" жігіттерін сабап, оны видеоға түсірген адамға 1000 доллар беретінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ "Ninety one" тобындағы Баланың анасы "Меломендіктерді" сотқа беретінін айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
1
4
0
2
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір