RU
Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаев 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаев 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Атышулы қашқын банкир Жомарт Ертаевтың Ресейде қамауға алынуына байланысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Жомарт Ертаев: Фото:"АЛМА ТВ"

Жомарт Ертаев: Фото:"АЛМА ТВ"

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Ертаевқа алаяқтық жасап, 80 миллион долларды қалтаға басты деген айып тағылған.

Ертаев соңғы жұмыс орнының бірі «RBK банкінде» лауазымды қызметте істегенде жеке фирмаларға лобби жасап, несие алып беру арқылы миллиондарды ұрлаған болып шықты.

Олигарх интерполдың өтінішімен бірнеше күн бұрын Мәскеудің дәл ортасында ұсталған. Қазір ол сол жақта тергеу изоляторында отыр.

Ертаевпен бірге оның көмекшісі, сенімді серігі Андрей Третьяков та ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ, бұл ақпаратты Третьяковтың өзі жоққа шығарған.

Ертаев 9 жыл бұрын «Альянс банктің» 1 миллиард доллардан астам қаржысын жымқырып, ұрланған ақша көлемі бойынша рекорд орнатқаны белгілі. Бірақ, банкир осы қылмысы үшін түрмеде ұзақ отырған жоқ.

Небары тоғыз айдан кейін жазасы жеңілдеп бостандыққа шықты. Кейін ірі телевизиялық кабельді жүйе «АлмаТВ» мен Еуразия қаржы консалтингін басқарған, Еуразия банкінде топ-менеджер болды.

Осында банкті жарнамалау үшін қара пиар жасап, елдің күлкісіне қалғаны да есте. Әрі өзін нағыз патриот екенін, Қазақстанды ешқашан тастап кетпейтінін айтып ағынан жарылған.

Ол ірі көлемдегі алаяқтығы үшін 10 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір