RU

Оралда жас жігіт қайын енесін атып өлтірді

Оралдағы «Құрылысшы» ықшамауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде атыс болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой Город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оралда жас жігіт қайын енесін атып өлтірді. Фото: Коррупция.Инфо
Оралда жас жігіт қайын енесін атып өлтірді. Фото: Коррупция.Инфо: UGC

Оқыс жағдай шамамен кешкі сегізде тұрғын үйлердің біріндегі сегізінші қабатта болған.

"Ол жерде жігіт қайын енесін атып өлтірген. Ол өліп қалды. Кейін қайын атасына оқ жаудырды. Ол тірі, емханаға алып кетті. Әйелдің "көмектесіңіздер" деп айқайлағанын естідім. Сол сәтте дүкенге бара жатқанмын. Сол жердегі кейуаналарға жастарды көмекке шақыруын сұрадым. Атыс дауысын естідім", - дейді тұрғын Мария Амелякина.

Оралда жас жігіт қайын енесін атып өлтірді. Фото: Мой Город
Оралда жас жігіт қайын енесін атып өлтірді. Фото: Мой Город: UGC

60 жастағы әйел жедел жәрдем жеткенше тіл тартпай кетіпті. 66 жастағы ер адам оқ жарақатымен емханаға жеткізілді дейді ақ халаттылар.

"Ішінен оқ тиген 1951 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған түнде ота жасалды. Ота алты сағатқа созылды. Жағдайы ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731204-oralda-zas-zigit-kajyn-enesin-atyp-ltirdi.html