RU
Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтаған Аша Матай тікелей эфирде ұятқа қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтаған Аша Матай тікелей эфирде ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

9 мамырда тікелей эфирде ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтаған Аша Матай ұятқа қалды. Желіде оның сөйлем құрауына наразы болғандар әншінің видеосын жаппай таратуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарлама басында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланған. Ал майдан шебінде елін қорғап, шейіт болғандар туралы сөз қозғаған Аша Матай:

"Әуелі бағдарламамызды барша осы соғысқа қатысып, қанымен, терімен осы бейбітшілікті бізге жаулап алған бабалаларымыздың рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздіктен бастасақ бағдарламамызды", - деген.

Мұны естіген ел жаппай наразы пікірлерін жаудырды.

"Не айтты. Түсінбей қалдық қой. Бұндай үлкен мерекеге əзірлікпен келу керек қой сөредегі кітаптарды ақтарып. "Қалаулымның" арзан көрермендеріне не болса соны айтып үйренген арзан сөзді суша сапыратын ауыздан дұрыс сөз шығуы да қиын болар. Сананың жеткен жеріде... қиын", "Аша Матай бес минуттық бағдарлама болса да, дайындалып келмейсің бе? Кітап оқы. Əр сөздің мағынасын түсін", "Онда бейбітшілікті жаулап алып жүре берейік", - деп жазды наразы болған желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
121
5
2
4
2
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel