RU
Жетпістегі қытай қазағының тоқалы оған сегіз бала туып бергенін айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жетпістегі қытай қазағының тоқалы оған сегіз бала туып бергенін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына қонақ болған Жеңісгүл Ермұхамед есімді қытай қазағы 24 жасында отбасылы ер адамға тоқал болғанын айтады. Айтуынша, оның бәйбішесі күйеуіне тоқал алып беру туралы өзі шешім шығарған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жетпістегі қытай қазағының тоқалы оған сегіз бала туып бергенін айтты (видео)

Кадр: Жетінші арна/Жеңісгүл

Жеңісгүл бүгінде жетпіске келген шалынан сегіз перзент сүйіп отыр. Қытайда жүрсе де, ондағы қатаң саяси идеологияға қарамастан ол он алты құрсақ көтеріп, сегіз баласын жасырын дүниеге әкелген екен. Жеңісгүл күйеуінің бірінші әйелі оны 24 жасында тоқалдыққа алғанын айтады. Әпкелі-сіңілідей араластық деп елді сендірген көп балалы ана 2004 жылы ғана Қазақстанға көшіп келген.

"Сегіз балам бар, жолдасым бар. Тоқалмын, құдайға шүкір. Екінші әйелімін. Біз енді ар жақта жүріп, екінші әйел болуды іске асырдық. Себебі Қытайдың қылышынан қан тамған саясаты үшін бұл мүмкін емес нарсе. Өйткені заң оны жолға қоймайды. Тек ажырасып барып, үйленуге болады. Ажырасқанның өзінде бала бермейді. Бірінші әйеліңнен бала бар ма, екінші әйелге бала бермейді.

Бірақ сонда да біз бәйбіше қосып тұрған соң, жолдасым алам деп тұрған соң, қазақтың салты болған соң, солай өмір сүрдік. Мен он алты құрсақ көтерген адаммын. Амал қанша сол бір саясаттың кесірінен қалған балалар шейіт бола берді. Ішіміз ашиді қазір", - дейді әйел.

Сонымен бірге ол бәйбішемен қарым-қатынасы турасында да сөз қозғады.

"Бәйбіше деймін оны. Мені Жеңісгүл дейді. Ризамыз ол кісіге. Өте жақсы, жуас, қазақтың нағыз бәйбішесі. Ол кісі ерінің қайратына көзі жетті ғой. Сөйтіп рұқсатын берді", - леген Жеңісгүл шалына үшінші әйел алып беру туралы да ойланып жүргенін айтты.

"Ол кісі жетпісте. Ары қарай бала таба бергенге ұялдым. Балалардан ұялдым. Балалар тағы туасыз ба, деген соң қойдым", - деп сырымен бөлісті Жеңісгүл.

Оның айтуынша, ол Қытайда екі баласын дүниеге әкелген. Қытайдың қатал заңынан қорықса да, тәуекелге барған әйел екінші қызын айдалада жалғыз босанғанын да жасырмады.

"Дүниеге әкелсем сотталам. Екі балам ар жақта дүниеге келген. Айдидар қызымды жалғыз өзім өмірге әкелдім. Үйде емес, себебі көзге түсіп қалсақ, әшкерелеп, үкіметтің құлағына жетеді. Әшкереленсек, мыналар өледі.
Сомен бұларды жасыруға тура келді. Сөйтіп жолдасым мені бір алыс ауылға апарып, Аллаға аманат етіп тастап кетті. Бір айланып келейін, құжаттарды әкелейік деді. Кетеміз деді. Жетіп алайық, қазақ еліне жеткізейі дедік бар арманымыз", - дейді Жеңісгүл.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
1
2
2
31
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel