Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолын анықтады

Опубликовано:

Әлемнің ең үздік ғалымдары біріге отырып тұмаудың алдын алу жолдарын іздестіру барысында күрделі ғылыми зерттеу жүргізді. Оның нәтижесінде мамандар тұмаудан сақтанудың ең оңтайлы тәсілі дұрыс тамақтану деген мәмлеге келген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме NUR.KZ.

Фото: m-oboz.ru
Фото: m-oboz.ru: UGC

Тұмау мезгіл таңдамайтын аурулар қатарына кіреді. Жазда болсын, қыста болсын кез келген адам тұмауратып қалуы әбден мүмкін. Бұл дертті біреуден жұқтырып алу оп-оңай болса, ал одан айығу қиынға түспек.

Халықаралық ғылыми зерттеу қауымдастығының ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы дұрыс тамақтану ретін ұстау.

Мамандардың айтуынша, адам организмінде қажетті мөлшердегі жеміс-жидектердің болуы шарт. Ал көпшілік тұмауратып жатқан жағдайда болса диета сияқты арықтаудың түрлі әдістерінен бас тартқан жөн.

Өйткені тұмау вирусының жұғу қаупі жоғары болып тұрғанда адам организмінде қажетті витаминдер мен макроэлементтер болуы керек. Олардың жоқтығы иммунитет төмендеуіне әкеп соқпақ.

Уақытысымен тамақатану тұмаудан сақтануда елеулі рөл атқарады. Сол себепті таңғы асты міндетті түрде ішу керек дейді мамандар.

"Қыста организм тонып қалмас үшін ботқа жеп, түскі асқа 150-200 гр ет қолдануды әдетке айналдыру керек. Оған қоса, иммунитетті тұрақты түрде ұстау үшін йогурт немесе айран үлкен септік тигізеді. Алайда сүтті өнімдер міндетті түрде табиғи болғаны дұрыс. Ал витамендер тапшылығын түрлі жасыл көкністер, таңқұрай, итмұрын және анар көмегінмен толтыруға кеңес береміз", - деп айтты ғалымдар.

Зерттеу қорытындысында мамандар жеке тазалықты да сақтауды ұмытпауды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1731222-galymdar-tmaudan-saktanudy-e-tiimdi-zolyn-anyktady/

pixel