RU

Сағадиев ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады. Бұл күні Қазақстан бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтедi деп хабарлайды Baq.kz.

Мектеп. Көрнекі фото: khor2.edu.27.ru
Мектеп. Көрнекі фото: khor2.edu.27.ru: UGC

Елiмiзде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 15 мамырда өткізілмек.

"Өздерiңiз бiлесiздер, бiзде әдетте жиналысқа орташа алғанда ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады... Бiлiм және ғылым министрлiгi атынан барлық жұмыс берушiлерден, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан ата-аналарды 15 мамыр күнi жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз", - дедi Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731230-sagadiev-ata-analardy-zmystan-erterek-bosatudy-srady.html