RU
Қазақ бизнесмені Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ бизнесмені Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын сұрады

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде қамауға алынған танымал банкир Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жомарт Ертаев. Фото: dixinews.kz

Жомарт Ертаев. Фото: dixinews.kz

Бейсенбі күні Мәскеуде сот отырысы өтіп, оны қамауға алу мәселесі қаралды деп жазады РИА Новости.

"Сот қабылдаған шешім бойынша, қосымша айғақтарды, оның ішінде Ресей азаматтығын алу туралы өтінішін қарау қорытындысы ұсынылғанша Ертаевты ұстау мерзімі ұзартылды", — дейді судья.

Ол қамауға алу мерзімін 13 мамыр сағат 20.00-ге дейін ұзартты.

Мәскеу прокуратурасы Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген Ертаевты еліне экстрадициялау үшін оны 16 маусымға дейін қамауға алуды сұрады.

Еске салсақ, банкир 8 мамырда Мәскеуде ұсталған болатын. Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Жомарт Ертаевқа халықаралық іздеу салынған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel