RU
Жалқау немересін тәрбиелемек болған кейуана темір тордан бір-ақ шықты
Жаңалықтар Әлемде

Жалқау немересін тәрбиелемек болған кейуана темір тордан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Флорида штатына қарасты Дейтон-Бич қаласында 95 жастағы әйел мен немересінің арасында өзара келіспеушілік туындап, үлкен жанжал орын алды. Немересінің жалқаулығына әбден тойған кейуана оның бетіне аяқ киімді лақтырып жіберген деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

95 жастағы зейнеткер Хетти Рейнольдс өзінің 46 жастағы немересіне қатты ашуланғандықтан оның бетінен аяқ киіммен тартып жіберген. Қария жақынының үйде жата бергеннен басқа ештене білмейтінін айтып, асқан жалқаулығына тойғанын жеткізбек болды.

Алайда апасының жанайқайын немересі мүлдем елемеген сыңайлы. Өз сөзін тыңдата алмағандықтан 95 жастағы әйел бірден іс-әрекетке көшуді ұйғарды. Ол 46 жастағы немересіне қарай аяқ киімді бар күшімен лақтырып жіберген.

Хэтти Рейнольдс мұнысымен қоймай құтқарушыларды шақыртып, немересін үйден қуып шығуды да талап етті.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары 95 жастағы кейуананы полиция бөліміне алып кеткен. Немересі апасына қатысты арыз жазудан бас тартқанымен, штаттың қатаң заңдарына сәйкес полицейлер әжейді тұтқындауға мәжбүр болды.

Хэтти Рейнольдс түрмеде бір түн түнеп, ертесіне ешқайда кетпеу туралы тілхат негізінде босатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір