RU

Өткен күндерін еске алған Мақпал Жүнісова достарының қоңырауына жауап бермей қойды

Төреғали Төреәліні үшінші сәбилі болуымен құттықтаған Мақпал Жүнісова бірнеше күннен бері өткенін есіне алып, көңіл-күйі болмай жүргенін алға тартты. Әнші тіпті қоңырауға жауап беруді қойған деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова: UGC

"Мен өзім екі-үш күннен бері көңіл-күйім онша емес. Телелфонды алғым келмейді. Маған қатысты жағдайларды маған жіберіп, миымды ашытып жатыр. Жеті-сегіз жыл бұрынғы оқиғалар көңілімді түсіріп. Телефоным өшірулі тұрғанда сенің қуанышыңды естімей қалған болуым керек. Қызыңның бауы берік болсын. Артынан ұлдар ерсін", - деді әнші.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі үшінші қызына қандай есім бергенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731253-tken-knderin-eske-algan-makpal-znisova-dostaryny-koyrauyna-zauap-bermej-kojdy.html