RU
Шымкенттік жігіт астаналық қыздардың "ағашкалары" туралы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік жігіт астаналық қыздардың "ағашкалары" туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік жігіт Астананың қыздары қалталы азаматтарды ұнатады деп, ағынан жарылды. Айтуынша, елордалық бикештер ауқатты "ағашканы" қармағына іліп алу үшін түнгі клубтар мен сауық кештеріне жиі баратын көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Шымкенттік жігіттің Астанаға қоныс аударғанына бес жылға жуық уақыт өтіпті. Жекеменшік компаниялардың бірінде менеджер болып қызмет ететін ол елордалық қыздардың қандай болатынын айтып берді.

"Алғашында Астана мен Алматының қыздары туралы түрлі қауесет еститінмін. Бірақ өз көзіммен көрмегеннен кейін, ондай әңгімелерге көп сене бермейтінмін. Бізде оңтүстіктің қыздары қазақы келеді ғой, бұл жақта керісінше, бәрі орыстанып кеткен. Орысша сөйлеседі, қазақтың қызына тән ибалылық пен әдептілік сияқты қасиеттерді де бойларынан көре алмайсың. Мінездері тік, бет-жүзің бар демейді, бірдеңе жақпай қалса бетке, тік айтып тастайды", - деп әңгімесін бастады жігіт.

Сонымен бірге ол астаналық арулардың ауқаттыларды ұнататынын атап өтті.

"Сосын бір байқағаным – түнгі клубтарға достармен бір жаққа қыдырып шыға қалсаң болды, жергілікті қыздар алдымен қалтаңа қарайды. Олар сондай жерлерге бай жігіттер мен "ағашкаларды" ұстап алу үшін баратын сияқты. Яғни, бай болсаң сенімен сырласады, жай күзет қызметінде екеніңде айтсаң немесе қарапайым мұғалім, дәрігер екеніңді білсе, жаныңа жоламайды да. Бір сөзбен айтқанда – чайкалар көп. Ақшаңды пайдаланып, кейін бәрі бітті, ұнамайсың деп тастап кетсе таң қалмаңыз. Тағы бір айта кетерлігі, ақшаң болса, бұл жақтың қыздары бәріне дайын", - дейді бозбала.

Шымкенттік жігіт бас шаһардың бикештері азаматтық некеде тұруға да қымсынбайтынын жеткізді.

"Айтпақшы бұл жақтың қыздарының екінің бірі азаматтық некеде тұрады. Кейін жүріп жүрген жігіттерімен көңілдері жараспай қалса, ұнамай қалды деп түк болмағандай ата-анасының үйіне қайта көшіп бара салады. Сонда бұлардың туған-туыстары қайда қарап отыр деймін? Жақындарынан қалай ұялмайды?», - деп кейіді бозбала.

Сөз соңында ол елордалық арулардың екінің бірі темекі шегетінін де айтып қалды.

"Әйел адамдардың темекі шегуі бұл жақта қалыпты жағдай. Жас қыздар емес, тіпті үлкен әйелдердің өзі шылымды көп шегеді", - деп сөзін қорытындылады шымкенттік жігіт.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
2
6
3
3
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel