RU
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14 трлн теңгеден асты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14 трлн теңгеден асты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 20 пайызға өсіп, 14 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14 трлн теңгеден асты. Фото: arnapress.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14 трлн теңгеден асты. Фото: arnapress.kz

Басылымның ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында Қазақстанның мемлекеттік жиынтық сыртқы қарызы 14,8 триллион теңгеге жетіп, өткен жылғымен салыстырғанда 20 пайызға өскен.

Қазақстанның жиынтық мемлекеттік қарызы 14,3 трлн теңге сыртқы қарыздан, 428,5 млрд теңге мемлекет кепілдендірген қарыздан және 37,8 млрд теңге мемлекет кепілге алуы бойынша қарыздан тұрады.

Мемлекеттік қарыздың өсуіне бірінші кезекте Қазақстанның ішкі қарыздары себеп болған. Соңғы бес жылда мемлекеттік қарыз 3,7 есеге өсіп, 14,8 трлн-ға жетіпті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
23
10
19
3
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір