RU

Әзірбайжанда 15 жасар қыз зорлықшының құрбаны болды

Сұмғайыт қаласында 15 жасар қызды зорлап кетті. Оқиға 15-ші ауданда орналасқан №2 жатақханада орын алған деп хабарлайды oxu.az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

2003 жылы туылған қыз бастапқыда оқиғаны жасырып жүрген. Алайда құрсақ қуысы ауыра бастағандықтан, оны байқап қалған әкесі Сұмғайыт қалалық ауруханасына жүгінді.

Медициналық тексеріс нәтижесінде қыз бала №1 қалалық перзентханаға жіберілген.

Зорлық әрекеттер медициналық дәлел алған соң, әкесі полиция бөліміне хабарлады.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Әзірге зорлықшының кім екені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731278-zirbajzanda-15-zasar-kyz-zorlyksyny-krbany-boldy.html