RU
Төрт жігітпен қатар махаббат құрған бойжеткен көптің ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Төрт жігітпен қатар махаббат құрған бойжеткен көптің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Англияның Манчестер қаласының тұрғыны теле-бағдарлама аясында өзінің жеке өміріндегі қызықты оқиғасымен бөлісті. Жергілікті телеарнаға сұхбат берген бойжеткен төрт жігітпен қатар жүріп жүргенін жайып салған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Мэри Крэмптон жергілікті арнаға сұхбат беру барысында өзінің жеке өмірінің құпияларымен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды. Төрт ер адаммен қарым-қатынасты қатар ұстап жүрген қыз бағдарлама жүргізушілерінен бастап барша көрермендер қауымының ашуына тиген.

Мэри өзінің заңды күйеуінен бөлек тағы да үш жігітпен қатар махаббат құрғанын айтты. Бұл әрекетін бойжеткен өзін бірнеше адамға ғашық бола алатындар қатарынан болғандықтан деп түсіндірсе керек.

Оның айтуынша, әлемде екінің бірі бірнеше адамға ғашық болып жатады, тек көбісі оны мойындаудан бас тартады. Ал Мэри Крэмптон болса бір сәтте бірнеше адамды жақсы көруді қылмыс санамай, өзінің ерекше махаббатын ашық түрде айта бергенді жөн көрген.

"Менің мұндай қатынасымда адам шошырлық әрекет жоқ. Мен бұл махаббатты балаларын жақсы көретін ата-ана махббатына ұқсатамын. Әке-шешеміз бәрімізді де жақсы көреді ғой. Сол сияқты мен де бірнеше ер жігітке ғашықпын. Бізде бәрі басқа адамдардың ара-қатынасындай, ерекше еш нәрсе жоқ. Мен тіпті төрт махаббатымның бірі өзге әйелге үйленіп кетуіне де дайынмын. Бұл өмір. Онда тұрған еш нәрсе жоқ", - деп айтты Мэри.

Бойжеткен оқиғасына таңғалғанын жасыра алмаған жүргізушілер қыздың батылдығына да тәнті болғандарын айтты. Олардың айтуынша, мұндай құпиямен бөлісу көптің қолынан келмес еді.

Ал желі қолданушылар болса керісінше бойжеткен әрекетіне наразылықтарын білдіріп, қатты сынға алды. Көрермендер бойжеткенмен кездесіп жүрген төрт ер адамның намыссыз екенін айтып, оларды да оңдырмай сөгіп тастады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel