RU

Жазира Байырбекова өз дауысымен ән айтатын бойжеткендердің ісін әшкереледі (видео)

Отандық әнші Жазира Байырбекова тойда өзінің дауысымен ән салып, ақша тауып жүрген қыздардың өтірігін жалпақ жұртқа жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазира Байырбекова. Фото: Instagram
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram: UGC

Бойжеткендердің өтірік ісін байқап қалған әнші видеоны Instagram парақшасына салып жіберді.

"Айналайын қазақтың қыздары-ай! Менің репертуарымдағы әндермен, оранжировкаларыммен жұмыс істеп жүргендеріңізге ешқандай қарсы емеспін. Осындай салт-дәстүріміздің әндері xалық ішінде орындалсын, ұмытылмасын деп жасаған еңбегім ғой. "Кең болсаң,кем болмайсың"-деген бар.

Бірақ менің дауысыммен xалықты қалай алдайсыздар?! Ұят қой. Көріп тұрып мен ұялып кетемін. Оны инстаға салып қоятындарыңызды айтсайш. Өз дауыстарыңызбен орындасаңыздар да болады ғой", - деп жазды Жазира.

Ал желі қолданушылары әншіге авторлық құқығын қорғауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731290-zazira-bajyrbekova-z-dauysymen-n-ajtatyn-bojzetkenderdi-isin-skereledi-video.html