RU
Қытай елшісі Шыңжаң қазақтары туралы: Олар біздің азаматтар, сендер араласпаңдар
Жаңалықтар Әлемде

Қытай елшісі Шыңжаң қазақтары туралы: Олар біздің азаматтар, сендер араласпаңдар

Рассказать Вконтакте

Бұған дейін БАҚ беттерінде Шыңжаңдағы қазақтар Қытай билігінен қысым көріп отырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл жайтқа қатысты Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй жауап берді деп жазады Tengrinews.kz.

Қытай елшісі

Оның айтуынша, Қытай Коммунистік партиясының XIX съезіне дейін және кейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиясының тұрғындарына қатаң шаралар қолданылғаны белгілі, бірақ ол нақты бір ұлтқа қатысты емес, қауіпсіздік мақсатында жүргізілген шаралар екен.

"Біз бірде-бір жайтқа көз жұма қарамаймыз. Егер маған өтінішпен шықса, кез-келген уақытта тыңдауға дайынмын. Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында 1,5 миллион қазақ тұрады. Олар - біздің елдің азаматтары, Қытай халқының бір бөлшегі.

Бізде 56 ұлттың өкілдері бір отбасындай өмір сүріп келеді. Біз ешқашан бір ұлтты көтеріп, екіншісін төмендетпейміз, мұндай мемлекет көпке ұзамай құлайды.

Екінші жағынан, олардың қолдарында Қытайдың паспорты бар, яғни Қытайдың азаматтары. Ал, бұл демек Қытайдың ішкі шаруасы. Қателессек те, ол - өзіміздің ісіміз. Бізге айтқандарыңыз үшін рахмет, бірақ араласпаңыздар", - деп қысқа қайырды Қытай елшісі.

Еске салайық, бұған дейін Сенат деутаты Нұрлан Қылышбаев Үкіметтен Қытайдағы қазақ диаспорасына қысым көрсетіліп жатыр деген ақпаратты тексеруді сұараған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
32
10
12
11
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel