Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда бірден бес қозы төлдеген қой көпшілікті таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Моңғолияда бірден 5 қозы төлдеген қой желіде хитке айналды. Мұндай ерекше құбылысты көрген адамдар таңданысын жасыра алмаған деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: UGC

Түнел Хубсугул аймағының шопаны бес қозының бәріне саулықтың сүті жеткіліксіз болғандықтан, үш қозыны өзгелерге теліп жүргенін айтты.

Ұсақ үй жануарларының егіз төлдегені жиі кездескенімен, 5 қозыны бірден өмірге алып келуі - сирек болатын оқиға. Мұны шопан жақсылыққа балап отыр.

"Бұл - береке мен молшылықтың белгісі", - дейді саулықтың иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731295-mogoliada-birden-bes-kozy-tldegen-koj-kpsilikti-tagaldyrdy-foto/

pixel