RU
Қарсыласының жалаңаш суреттерін желіге жүктеп жіберген қыздың басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Әлемде

Қарсыласының жалаңаш суреттерін желіге жүктеп жіберген қыздың басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Англияның Мидлсбро қаласының тұрғыны өзінің баяғыдан бері келе жатқан қарсыласының жалаңаш суреттерін әлеуметтік желіге жүктеп жіберді. Бақталас қыздың суретін ол оның сүйіктісінен алған деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Facebook

Фото: Facebook

Шанель Лидбитер өзінің бұрыннан келе жатқан бақталасының тұрпайы суреттерін Facebook желісіне жүктеген. Қарсыласының жеке суреттерін өзінің сүйіктісі тауып берген болып шықты. Жалаңаш қыздың фотолары 144 лүпіл жинаған.

Шанель өз қарсыласымен мектеп қабырғасынан бері жауласып келгені белгілі болды. Желіге тұрпайы суреттерді жүктеумен тоқтай қоймаған бойжеткен өзіне бақталас санаған қыздың үйіне келіп шу шығарған.

Алайда үй иесі онымен ұрысқысы жоқ екенін аңғарған Шанель ашуға бой алдырып, қыздың көлігін зақымдап кетті.

Екі бойжеткен арасындағы жанжал сот отырысымен аяқталды. Шанель Лидбитер 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға міндеттеліп, белгілі мөлшердегі айыппұл төлеуі тиіс.

Оған қоса бойжеткенге бір жылдық сынақ мерзімі беріліп, қарсыласымен үш жыл бойына араласу құқығынан айырған. Бұл шарт орындалмаған жағдайда Шанель темір торға тоғытылмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
2
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel