Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Секс күнде керек": Атышулы Замира екі жігітпен қатар жүргенін жайып салды

Опубликовано:

Замира Сұлтан
Фото: UGC

Соңғы кездері дәстүрге қайшы әрекеттерімен көзге түсіп жүрген атышулы "Қалаулымның" қатысушысы Замира Сұлтан бұл жолы да төсек ләззаты жайлы әңгіме қозғап, көптің ашуына тиді деп хабарлайды "Матрица" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тележүргізушінің «Ажырасып кетпес үшін жастар бір-біріне деген төсек сәйкестігін білу мақсатында алдын-ала жақын қарым-қатынасқа түсіп көргені дұрыс па?», - деген сұрағына Замира Сұлтан еш қысылмастан жауап берді.

«Ажырасқан адамдарға ол дұрыс. Алғаш тұрмысқа шығып отырғандарға бұл қажет емес деп ойлаймын. Өйткені мен төсек қатынасын ажырасқаннан кейін ғана білдім. Бұрын ондай заттарды мүлдем түсінбегенмін. 17 жаста тұрмысқа шыққан осындай болады екен», – деген ол екі бірдей жігітпен қатар жүргенін жайып алды.
"Екі жігітім болды, біреуі келмей қалса, екіншісімен жатам, қысқасы қайсысы келеді, сонымен жатамын. Өйткені секс маған күнде керек. Соған үйреніп қалғанмын ғой. Екеуімен бірдей кездесіп жүретінмін. Екеуі бір-бірін білмейтін", - дейді Замира.

"Маған орыстанып кеткен біреу болмаса, "орамал тарт, есік алдын сыпыр, тамақ істе" деп мәжбүрлейтін еркек керек емес", - деп атап өтті Замира.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731313-seks-knde-kerek-atysuly-zamira-eki-zigitpen-katar-zrgenin-zajyp-saldy/

pixel