RU

Ұстазына ерегіскен студент қыз аудиторияда шешініп тастады (видео)

Корнеллский университетінің студенті шолақ шалбары үшін сынға алған ұстазына ерегісіп, аудиторияда шешініп тастады. Алайда ол бұл әрекеті үшін қатарластарынан қолдау таппады деп хабарлайды fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fakty.ictv.ua
Фото: fakty.ictv.ua: UGC

18 жастағы Летиции Чай айтуынша, ұстазы оған шолақ шалбар өзгелердің назарын аударатындықтан, келесіде кимеуін ескертіпті.

Алайда бұл сөз бойжеткенге ұнамай қалып, ол өз жұмысын қорғау сәтінде шешініп, іш киіммен ғана қалған.

Чай: "Өзгелердің өзін жайлы сезінуі үшін өзгергім келмейді. Өзгермеймін де", - деді.

Студент өз ісінің дұрыстығына көз жеткізу үшін осындай әрекетке барған. Бірақ, оның әрекетін қатарластары да, ұстазы да қолдай қоймады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731318-stazyna-eregisken-student-kyz-auditoriada-sesinip-tastady-video.html