RU
Оралда 60 жастағы әйелді күйеу баласы атып өлтіргені әшкере болды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда 60 жастағы әйелді күйеу баласы атып өлтіргені әшкере болды

Рассказать Вконтакте

60 жастағы әйелдің өлімі жайлы жаңа ақпараттар пайда болды. Анасын кім және бастысы қалай өлтіргені жайлы марқұмның қызы айтып берді. Орал тұрғынының өмірін қиған қанішер өзінің бұрынғы күйеу баласы болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Надия Давлетшина өзін анасын айырған қылмыскердің кім екенін айтты. 60 жастағы әйелді үйіне кіріп келген қызының бұрынғы күйеуі атып өлтірген. Оқиға 10 мамыр күні кешкі уақытта орын алды.

Оқты ести сала Надияның әкесі жүгіріп шыққан бетте қылмыскер оны ішінен атып жіберген.

"Әкем бізге тығылыңдар деп айтып үлгерді. Мен оның ішек-қарны сыртқа шығып кеткенін көре сала, кірерге тесік таппай ұлыммен бөлмеде ары-бері жүрдім. Біз әжетхана ішіне кіріп тығылып қалдық. Бірер минуттан соң бәрі тынышталып қалды. Біз сыртқа шыққанда кіреберісте жатқан әкешімді байқадым. Қалай екенін білмеймін, әйтеуір ол есікті жауып үлгеріпті", - деп айтты қайғыдан қан жұтқан қыз.

Қылмыскердің бұрынғы әйелі жұбайы екеуі арасында ешқандай ұрыс-керіс болмағанын айтты. Оның мәлімдеуінше, олар бірнеше жыл бұрын екі жақты келісім бойынша ажырасып кеткен.

"Тойдан кейін бір жыл өткен соң мен өз ата-анамның қасына қайтып келдім. Ол Ақсай қаласында өз анасымен қалды. Ортақ баламыз Ильдар 7-ге толды. Ол ұлын үнемі жазғы демалыстарда алып тұратын. Мен әке мен баланың араласуына ешқашан кедергі болған емеспін. Алайда бір күні демалысқа Ильдарды алып кетіп күйеуім оны қайтармай қойды. Нәтижесінде баламды үш апта өткен соң ғана көре алғанмын", - деп айтты Надия.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазіргі таңда БҚО тұрғыны қамауда отыр. Ер адамның ешқашан жұмыс істемегені мен мүгедектік тізімінде тұратыны белгілі болды.

Айта кетейік, 10 мамыр күні "Құрылысшы" шағын ауданында ер азамат өзінің бұрынғы ата-енесін атып кеткен. 60 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмса, 66 жастағы ер адам ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
3
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel