RU
Олигарх Төлешовтің жас тоқалы Шымкенттегі сән апталығында бой көрсетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Олигарх Төлешовтің жас тоқалы Шымкенттегі сән апталығында бой көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Еуропалық дизайнерлер шымкенттіктерге жаңа киім үлгілерін көрсетеміз деп жұртты шалқасынан түсірді. Әсіресе, жұқалығынан іш киімі көрінетін жаңа сән топтамалары оңтүстік аруларын ұялтып тастады. Атышулы сән апталығында әйгілі олигарх Тоқтар Төлешовтің тоқалы да өз үлгілерін көрсетті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте

Сән апталығына келген жұртты шетелдік дизайнерлерден гөрі, сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің тоқалының не тіккені көбірек қызықтырғандай.

Десе де, күйеуінің арқасында аяқасты танымал тігіншіге айналған Дина Нұрәлиева бұған аса мән бермеуге тырысып, көпшілік ортасында өзін емін-еркін ұстады.

Керісінше, еуропалық дизайнерлердің киімін тамашалаған шымкенттіктердің өздері ыңғайсыз жағдайға қалды. Әсіресе, жұқалығынан ішіндегі іш киімі көрінетін коллекциялар оңтүстік тұрғындарын шалқасынан бір-ақ түсірді.

Расында, подиумға шыққан киімдердің барлығы Шымкенттің қысы мен күзіне арналғандай: жұқа әрі жеңіл. Десе де, көпшіліктің түсінбеушілігін тудырған жаңа топтамалардың арасында сүйсініп қарайтыны да жоқ емес.

Ол - өзіміздің отандық дизайнерлер ұсынған ұлттық нақыштағы киімдер. Соған қарағанда, қазақтың оюы жақын күндері әлемдік подиумдарда ойып тұрып орын алуы мүмкін. Өйткені, подиумға шыққаны сол еді, шетелдік сәнқойлардың "сілекейі шұбырды". Сондай-ақ, биыл құр жемпір мен етік киіп жүру де сәнге айналған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
6
4
0
5
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel