RU
Шымкентте танымал дәмханада өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте танымал дәмханада өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте бір жарым қабатты "Гараж" жастар кафесінен сағат 16.30 шамасында өрт шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте

Шымкентте танымал кафе өртеніп кетті
Source: UGC

Бес қабатты және тоғыз қабатты тұрғын үйлердің ортасында орналасқан кафедегі өртті ауыздықтауға 60 өрт сөндіру қызметкері мен 13 техника жұмылдырылған.
Шымкентте танымал дәмханада өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті (видео)

Шымкентте танымал дәмханада өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті (видео)
Source: UGC

Сағат 16.58-де қызыл жалын оқшауланды.

Белгілі болғандай, дәмхананың іші түгелдей өртеніп кетіпті.

70 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, өрт сөндірушілер 2 адамды аман алып шыққан.

Шымкентте танымал дәмханада өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті (видео)

Шымкентте танымал дәмханада өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті (видео)
Source: UGC

ОҚО ТЖД 95 жеке құрам қызметкері мен 24 техника тағы да жеткізілді. Өрт мейрамхананың екінші қабатынан шыққан. Газ құтқару қызметінен 6 топ тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысты.

Сонымен қатар, өртенген мейрамханаға жақын орналасқан тоғыз қабатты ғимараттың екінші және үшінші қабаттарынан 4 жұмыс кабинеті зақымданған.

Өрттің жалпы аумағы 730 шаршы метрді құраған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
6
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel