RU

Өлімнен кейін тағы бір өмір болатыны рас па?

Америкадағы Калифорниялық технологиялық университет ғалымдары жүргізген күрделі зерттеу нәтижесінде үлкен мәлімдеме жасады. Мамандар ғылыми жұмыс қорытындысында өлімнен кейін жаңа өмір болмайды деген мәмілеге келді деп хабарлайды segodnya.uа-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Американың үздік ғалымдары біріге отырып өлімнен кейінгі өмірдің бар-жоғын анықтамақ болған. Зерттеу барысында олар адам қайтыс болғаннан кейінгі өмір болмайды деген қорытындыға келді.

Мұндай шешімге келуге бірқатар физикалық заңдылықтар негіз болды. Олардың айтуынша, өлімнен кейінгі өмірді кванттық зерттеу ғана дәлелдей алуға қауқарлы.

Алайда мамандар жүргізген кванттық тексеріс кері нәтиже көрсетіп, о дүниелік өмір деген тұжырымды жоққа шығарды.

Ғалымдардың айтуынша, адам миы естеліктерді өлімнен кейін сақтай алмайтын атомдардан тұрғандықтан өлімнен кейінгі өмірді бар деп айту орынсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731351-limnen-kejin-tagy-bir-mir-bolatyny-ras-pa.html