RU
Жас құлынды құтқарып қалған қарағандылық жігіт елді тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жас құлынды құтқарып қалған қарағандылық жігіт елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны Ұлан Қалимов бір күннің ішінде Instagram жұлдызына айналып үлгерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңа туған құлынды судан алып шыққан қарағандылық жігіт елді тәнті етті (видео)

Жаңа туған құлынды судан алып шыққан қарағандылық жігіт елді тәнті етті (видео)

Ұланның айтуынша, оқиға 9 мамыр күні Ақадыр кентінің маңайында орын алған.

Өзен жағасында шапқылап жүрген биенің жанына жақындаған Ұлан судан шыға алмай жатқан жас құлынды байқайды.

Жануарды судан шығару барысын Ұланның туған бауыры ұялы телефонының камерасына түсіріп алған.

Видеодан жас құлындаған биенің осқырынып, құтқарушысына алғыс айтқан сәтін аңғаруға болады.

Ұланның келіншегі Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген видео аз уақытта 25 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.

«Бұл әрекетімді керемет ерлікке баламаймын. Кез-келген адамның істейтін қалыпты дүниесі ғой. Құлынның жаңа туғандығын және адам көмегінсіз шыға алмайтынын аңғардым. Маңайда бізден басқа ешкім де жоқ еді», - дейді Ұланның өзі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
1
25
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel