RU
Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында ауыл тұрғыны алты тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. 18 жастағы Алина Құрманалиева 5 мамыр күні Ганюшкино ауылындағы үйдің ауласында орналасқан әжетханаға шығып кетіп, қайтып оралмаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

"Алина қайтып келмеген соң, анасы іздеп шықты, алайда оны әжетханадан да, үйдің ауласынан да таба алмаған, есік жабық болған. Үйдің айналасын қарап шықтық, ешқандай із таппадық, біреу алып кетті дейін десең, көліктің ізі де болмады", — дейді Алинаның туысы.

Кейінірек такси жүргізушілерінің тұрағынан қыздың жеке куәлігі табылған. Туыстары Құрманғазы ауданы ішкі істер бөліміне арыз жазды.

"Алып қашатындай ол ешкіммен кездесіп жүрген жоқ еді, үйден шықпайтын. Біраз уақыт Алина Оралдағы оқу орындарының бірінде білім алды, алайда сырқатына байланысты үйге қайтып келді.

Алинаның жалғыз құрбысы өзге қалаға оқуға кетті, біреумен қарым-қатынас жасау үшін онда тіпті WhatsApp та болған жоқ. Ол Instagram-нан ғана парақша ашқан, "ВКонтактедегі" аккаунтын өшіріп тастады.

Қайдан іздейтінімізді білмейміз. Телефонын сөндіріп қойған", — деп толықтырды әпкесі.

Қыздың қайда екенін білетіндер болса, мына телефондарға хабарласуына болады: 87024901145, 87750288652, 87781447558.

Қыздың белгілері: арық денелі, шашы қара, бойы — ортадан сәл төмен, қой көзді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
6
12
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel