RU
Аягөз маңында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Аягөз маңында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Алматы-Өскемен тасжолында Аршалы ауылынан бес шақырым жерде Volvo жүк көлігі мен «ВАЗ-21124» жеңіл көлігі соқтығысып, төрт адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аягөз маңында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты

Аягөз маңында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты
Source: UGC

«ВАЗ-21124» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Олардың екеуі - 43 және 29 жаста болса, біреуі - кәмелеттік жасқа толмаған қыз.

Тағы бір кәмелет жасына толмаған бала Аягөз қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ВАЗ-21124» Өскеменге қарай келе жатқан. Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
4
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel