RU
Еңбек министрі келіншектерге Instagram арқылы ақша табуды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Еңбек министрі келіншектерге Instagram арқылы ақша табуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік кәсіпкер еңбек министріне орамал таққан қыз-келіншектерді еңбекке баулып жүргенін көрсетіп, ағынан жарылды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Еңбек министрі

Ақтөбеге әлеуметтік кәсіпкерлік форумына келген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова орталық дәмханалардың біріне бас сұқты. Онда орамал таққан қыз-келіншектерге кондитерлік тағамдар даярлау жөнінде шеберлік дәрісі өтіп жатқан болатын.

Министр олардан жағдайларын сұрап, мүмкіндігінше мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану керектігін сөз етті.

Мәдина Әбілқасымова жұмыссыз әйелдерге Instagram арқылы да сауда жасауға болатынын еске салды.

«Бүгінде Астанада Instagram арқылы түрлі тағамдар ұсынып отырған қыз-келіншектер көп. Тіпті, дүкеннің қажеті жоқ. Егер осы жерден үйреніп алсаңыздар, инстаграм арқылы сауда жасауға болады», — деп кеңес берді министр.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
7
2
2
0
4
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір