RU
Сағадиев әкімдік қызметкерлері қырғидай тиген ұстаздарға араша түсті
Жаңалықтар Қоғам

Сағадиев әкімдік қызметкерлері қырғидай тиген ұстаздарға араша түсті

Рассказать Вконтакте

Әкімдік қызметкерлері мұғалімдерді қорқытып жүр. Бүгін білім министрлігі күтпеген жерден осындай мәлімдеме жасады. Бірақ Ерлан Сағадиевтің өзі ұстаздарға "ешкімнен қорықпаңдар" деп араша түсіп отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағадиев әкімдік қызметкерлері қырғидай тиген мұғалімдерге араша түсті

Сағадиев әкімдік қызметкерлері қырғидай тиген мұғалімдерге араша түсті

Әкімдік тарапынан қоқан-лоққы көргендерін ұстаздардың өздері Білім министрлігіне айтыпты. Өйткені, екі аптадан кейін, яғни, 26 мамырдан бастап біліктілігі мен жалақысын арттырғысы келетін ұстаздар жаппай тест тапсырады.

Сынақтан өтуге қазір 60 мыңнан астам мұғалім өтініш беріп қойған. Ал, жергілікті атқамінерлер болса емтихан тапсыра алмаған педагогтарды жазалайтынын айтып қорқытып жүр екен. Бірақ, министрлік ұстаздарды алаңдамауға кеңес берді.

"Ұлттық біліктілік тестіне қатысу, жаңа жүйе бойынша категория алу әркімнің өз еркі . Ешкім оған мәжбүрлемейді. Және мұғалімдер өте алмай қалса, оған ешқандай шара қолданылмайды. Сол тесттен құласа, қайта қараша айында тапсыра алады. Ол да ақысыз ешқандай қиындықтар болмайды", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Ал төрт күннен соң, яғни, 15 мамыр күні елімізде жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы болады. Білім министрі бұл күні оқушылардың әке-шешесін жұмыстан ертерек босатуға шақырды.

Сондай-ақ, Сағадиев ҰБТ мен мектеп біту кеші жайлы да айтты. Айтуынша, түлектер тапсыратын тесттің форматы өзгермейді. Ал, көп шығын кететін мектеп бітіру кешіне қатысу-қатыспау - ата-ана мен оқушылардың өз еркі.

"Мектеп бітірушілер кешін өткізу үшін көп ақша жинайды. Ата-аналар "бармаймын, ақша жинамаймын, бермеймін" десе, олардың әрқашанда тек ресми бөлігіне, яғни аттестатты беретін салтанатқа қатысып, әрі қарай ешқайда бармай үйге қайтып кетуге болады. Оларды ешкім қинамайды", - дейді министр.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
1
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel