RU
"Барып тұрған масқара": Қоқысқа көмілген көшелер Сапарбаевты шошытты
Жаңалықтар Қоғам

"Барып тұрған масқара": Қоқысқа көмілген көшелер Сапарбаевты шошытты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қоқысқа көмілген қаланы көруге өзі шыққан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үйілген қалдықтарды көріп жағасын ұстады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Барып тұрған масқара": Қоқысқа көмілген көше көрген Сапарбаев

"Барып тұрған масқара": Қоқысқа көмілген көше көрген Сапарбаев

"Бір қоқыс қалмасын. Тазартыңдар. Мынау масқара ғой!" , - деп бұйырды аймақ басшысы қарамағандағыларға.

Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үй аулаларында қоқыс бір ай бойы шығарылмаған. Өйткені бірнеше жылдан бері тазалыққа жауап беретін комуналдық мекеме қазынадан бөлінетін ақшаның аздығын айтып қызметін тоқтатыпты.

Екінші жекеменшік компания жұмысшыларын таратып жіберген.

Қалалық әкімдік ақыры тендер жариялап, он компанияны қоқыс шығаруға жүктейді.

Бірақ арнайы көлігі жоқ фирмалардың ісі өнбей жатыр. Контейнерлерді көтеретін көлігі жоқтары КамАзбен тасуда. Оның өзінде қалдықтарды жан-жағына шашып кетеді екен.

Тұрғындар қоқысты бұлай тазаратқаннан үйіліп тұрғаны жақсы екенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз
9
1
2
0
4
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel