RU
33 миллион теңгеге пәтер іздеген Петропавл әкімдігі үлкен дауға қалды
Жаңалықтар Қоғам

33 миллион теңгеге пәтер іздеген Петропавл әкімдігі үлкен дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Петропавл қалалық әкімдігі құны 33 миллион теңге тұратын бір бөлмелі пәтер сатып алуға конкурс жариялады. Ал шаһардағы мұндай баспананың орташа құны 5 миллион теңгеден аспайды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

33 млн теңгеге пәтер іздеген Петропавл әкімдігі үлкен дауға қалды

33 млн теңгеге пәтер іздеген Петропавл әкімдігі үлкен дауға қалды

Бұл хабарландыруды қалалық әкімдік мемлекеттік сатып алуға қатысты сайтқа жариялапты.

Талап бойынша, бір бөлмелі пәтердің құны 33 миллион теңгеден аспауы тиіс және ол 17 мамырға дейін сатып алынуы керек екен.

Құны нарықтағы бағадан алты есе қымбат баспананы шенеуніктер өздеріне қызметтік пәтер ретінде қолданбақшы. Бірақ мұндай үйде кімнің тұруы тиіс болғанын олар ашып айтпады.

Тек талаптарына қарап, шалқып өмір сүргісі келетін шенеунік екенін аңғаруға болады.

"Петропавл қаласының әкімдігі расымен де осындай хабарландыру жариялады. Пәтерге күрделі жөндеу жасалған және ол толығымен жиһазбен жабдықталған болуы тиіс. Аумағы 80 шаршы метрден кем болмауы керек", - дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сәния Исмаилова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
4
0
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір