RU
Snoop Dogg пен 50 Cent Шүменовтің бокс кеші үшін Астанаға келмекші
Жаңалықтар Әлемде

Snoop Dogg пен 50 Cent Шүменовтің бокс кеші үшін Астанаға келмекші

Рассказать Вконтакте

7 шілде күні Астанада өтетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегіне қатысты қосымша ақпараттар жарияланды деп хабарлайды «SPORTINFORM» порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шүменовтің бокс кешінде Snoop Dogg, Тимати, Қайрат Нұртас өнер көрсетеді

Шүменовтің бокс кешінде Snoop Dogg, Тимати, Қайрат Нұртас өнер көрсетеді

«Әлемнің кез келген түкпірінде жоғары деңгейде өнер көрсете алатын қазақстандық боксшылардың қатары аз емес. Десе де, оларға алдымен тегін танылып алу қажет.
Астанада өтетін жекпе-жекке тек жеңіс үшін ғана шықпаймын. Менің мұратым – жас спортшыларымызға кәсіпқой боксқа баратын айқын жол салғым келеді», - деді Шүменов өзінің ресми таныстырылым кешінде.

Презентацияда айтылғандай, әйгілі ринг-анонсшы Майкл Баффер аламан кештің жүргізушісі болып бекітілді.

Сондай-ақ, іс-шараға кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы және қазіргі чемпиондары Роберто Дюран, Эвандер Холифилд, Хуан Мануэль Маркес, Дэвид Хэй және Хорхе Линарес қатысады.

Ал шетелден арнайы шақыртылған Snoop Dogg, 50 Cent, Тимати және қазақстандық әнші Қайрат Нұртас кешті әнмен әсерлейтін болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір