RU
Үш күн қыстауда жатқан: Атырауда жоғалып кеткен 11 жасар бала табылды
Жаңалықтар Қоғам

Үш күн қыстауда жатқан: Атырауда жоғалып кеткен 11 жасар бала табылды

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында жоғалып кеткен 11 жасар бала үшінші тәулікте ғана табылды. 9 мамыр күні Елтай ауылынан шыққан жеткіншек ата-анасы тұратын қыстауға қарай бет алып, жоғалып кеткен деп жазады "АқЖайық" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда жоғалып кеткен

Атырауда жоғалып кеткен бала үш тәуліктен соң табылды

Басылымның хабарлауынша, өңірдегі шопандардың балалары интернатта немесе қала-ауылдардағы туыстарының үйінде жатып оқитын көрінеді. Жоғалған жас бала да интернаттың оқушысы екен.

Баланы іздеу үшін ТЖД мамандары көлікпен және тікұшақпен даланы кезіп шықты. Оларға жасөспірімнің туыстары мен ерікті азаматтар да көмектескен.

Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол Дүйшімнің айтуынша, жеткіншек тек 11 мамыр күні аман-есен табылған.

Ол жоғалып кеткенін біліп, алғашқы түні далада жиналып тұрған шөптің үстінде ұйықтапты.

Екінші түні ата-анасының қорасына дейін жетіп, сонда түнеген.

Баланы ұйықтап жатқан жерінен тауып алыпты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір