RU
Ауылдық "мамбеттерді" қаладан қуған алматылық қыз елдің ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ауылдық "мамбеттерді" қаладан қуған алматылық қыз елдің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Тазалық үшін ауылдан келген "мамбеттерді" Алматы қаласынан қуып шыққысы келген бойжеткен жұрттың наразылығын тудырды деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен видеода алматылық ару ауыл адамдарын қалаға келтіргісі келмейтінін айтқан. Оның сөзінше, қала тазалығын шет жақтардан келушілер ластап жатыр екен.

«Алматы қаласының «мамбеттері»! Сіздерден біздің әдемі қаламызды былғауды доғаруларыңызды сұраймын. Ластайтын ауыл жетерлік. Сол жаққа барыңыздар», - дейді қыз.

Бойжеткен осылайша қала тазалығын сақтағысы келген сыңайлы. Бірақ бұл видеоүндеу ауылдан келген қазақтардың намысына тиген.

Аталмыш бейнежазба Facebook желісіндегі«Жұрт не демейді» тобында жарияланды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
166
14
25
10
3
82
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір