RU
Өскемендік азамат Арменияның Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар Әлемде

Өскемендік азамат Арменияның Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Армения президенті Армен Саркисян бұрынғы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Давид Тоноянды Қорғаныс министрі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскемендік азамат Арменияның Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Өскемендік азамат Арменияның Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Source: UGC

"Давид Тоноян Армения Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалсын", — делінген жарлықта.

Айта кетерлігі, Тоноян 1967 жылы Өскеменде туған.

Ереван мемлекеттік университеті мен Ресейдегі Әскери-дипломатиялық академияны тәмамдаған ол ағылшын, орыс және француз тілдерін меңгерген.

Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, 1994 жылдан бастап Армения Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel