RU

Сауль Альварестің промоутері Головкиннің табысын мазақ қылды

Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлемін күлкі қылды деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Альварестің промоутері Головкиннің табысын мазақ қылды
Альварестің промоутері Головкиннің табысын мазақ қылды: UGC
"Головкин 3 миллион тауып жүргенде, «Канело» сенсіз-ақ 40 миллион тауып жатыр", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя Twitter желісінде.

Сонымен қатар, мексикалық промоутер Сауль «Канело» Альварестің қыркүйекте рингке оралатынын айтты. Сол уақытта Головкин екеуінің реваншы өтуі мүмкін.

Айта кетейік, қос боксшының қарымта кездесуі 5 мамырда өтуі тиіс болатын, алайда биыл ақпанда Альварес екі рет допинг сынамадан өте алмай қалды.

Бірақ белгіленген уақытта Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731435-saul-alvaresti-promouteri-golovkinni-tabysyn-mazak-kyldy.html