RU
Ақтөбеде әкімдікті қиратып кеткен жігіт әйеліне ерегісіп, ашуға мінген
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде әкімдікті қиратып кеткен жігіт әйеліне ерегісіп, ашуға мінген

Рассказать Вконтакте

Бүгін тал түсте Ақтөбедегі облыс әкімдігінің ғимаратын бұзып кірген джип жүргізушісінің кім екені анықталды. 53 жастағы жүргізуші жол ережесіне бағынбай полициядан қашқан болып шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Әйелімен ренжісіп қалған ақтөбелік тұрғын

Әйелімен ренжісіп қалған ақтөбелік тұрғын әкімдікке басып кірді

Ресми ақпарат таратқан ІІД-нің мамандары Сапарбаев отырған ғимарат есігін талқандап кірген жүргізуші тұрмыстық қиындықтан күйзеліп, ішімдік ішкенін айтады.

"12 мамыр күні сағат 11:56 шамасында 102 номіріне хабарлама түсті. Ішімдік ішкен "Ниссан-Патрол" маркалы автокөлік жүргізушісі жол сақшыларына бағынбағаны хабарланды.

Ашуға ерік берген жүргізуші жылдамдықты асыра тоқтамай кеткен. Көлік облыс әкімдігінің есігін зақым келтірді.

53 жастағы жүргізуші отбасылық жанжалға байланысты бұрын да әкімшілік жауапқа тартылған", - деді ІІД-нің баспасөз қызметкері Ерболат Сарқұлов.

Тіркелген дерек бойынша әкімшілік және қылмыстық іс қозғалды.

Куәгерлер әкімдікті баса көктеп кірген көлікті тәртіп сақшылары 10 минутқа жеткізбей жинап алып кеткенін айтады. Әкімдік есігі де лезде ауыстырылған.

Болған оқиға ақтөбеліктерді әбігерге салып жіберді. Себебі екі жыл бұрын осындай уақытта Ақтөбеде терракт оқиғасы тіркелген болатын. Бірнеше саты биік тұрған әкімдік есігін сындыруды әркім әр түрлі жорып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
6
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір