RU

Қылмыстық топты басқарған экс-әкім Рысқалиевті тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін аяқтап, іс материалдарымен танысудың басталғанын жариялады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты стқа дейінгі тергеу аяқталды
Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты стқа дейінгі тергеу аяқталды: UGC

Сотқа дейінгі тергеу кезінде жеткілікті дәлелдер жинақталған, олар Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген және тергеу органдарына келуден бас тартқан Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарының қылмыстық әрекеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 24 ақпанда Ұлттық бюро экс-әкім Рысқалиевті тергеуге шақырды.

«Күдікті Рысқалиев, Рысқали, Әлбақасов, Желдібаев, Ізбасар, Сүлейменов, Жолмағамбетов, Теміралин және Даневич жедел-тергеу тобы олардың қатысуымен тергеу шарасын өткізу үшін, 2018 жылдың 2 наурызы сағат 10.00-ге дейін, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс», - делінген Ұлттық бюроның БАҚ арқылы таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін де осыған ұқсас шақыртулар жарияланған, алайда күдіктілер тиісті органдарға бармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731452-kylmystyk-topty-baskargan-eks-kim-ryskalievti-tergeu-aaktaldy.html