RU

Канело бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтінгісінен түсіп қалды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті орта салмақтағы боксшылардың мамыр айындағы рейтингісіне кіргізбеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Канело бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтінгісінен түсіп қалды
Канело бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтінгісінен түсіп қалды: UGC

Мексикалық боксшының тізімнен тыс қалуына алты айға спорттан шеттетілуі және WBC мен VADA-ның «Таза бокс» бірлескен бағдарламасына кірмеуі себеп болды.

WBC тұжырымының орта салмақтағы әлем чемпионы - қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин, ал уақытша чемпиондық (Interim) АҚШ өкілі Джермалл Чарлоға тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731454-kanelo-bkillemdik-boks-keesini-rejtingisinen-tsip-kaldy.html